БҰЛТТЫ

lat: BULTTY /36/

сын. Аспанды бұлт басқан, бұлт бар .

Көңілсіз-ақ тұманды, аспан бұлтты ,

Денем емес, жүрегім де суытты.

Қайда менің жан жолдасым қайғылы,

Қайда сәулем, неге мені ұмытты? (1,77).

Менің де бір шуағым бар жинаған,

Бұлтты күнде бұрқанамын, қиналам.

Өзімді емес, өзгелерді жылытайын,

Жарық дүние, жақсылығыңды қи маған (2,278).